ТҰРҒЫНДАР НАЗАРЫНА!

734 көрілім

ЖАЛҒАН АҚПАРАТ! 

Тұрғындар арасында әлеуметтік желілер арқылы жалған тарап жатыр. Онда “8 наурыз, Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Батыр ана», «1,2, дәрежелі Ана даңқы», «Алтын алқа», «Күміс алқа» иелерiне, 18 жасқа толмаған 4 және одан көп балалы аналарға бiржолғы көмек ақша беріледі, 5 ақпанға дейiн документтерiңiздi әкiмшiлiкке әкеп өткізулерiңiз сұралады!”,-деп жазылған. Аталған ақпарат негізсіз екенін хабарлаймыз. 

Жалған ақпарат таратқандар үшін заң аясында жауапкершілік қарастырылған. 

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы 2-тармағы 3-тармақшасына сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған көрінеу жалған ақпарат тарату, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, немесе сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатыны көрсетілген. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы