Партия бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар

1  336 көрілім

Түркістан қалалық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы фракциясы депутаттары және тұрақты комиссия мүшелері тарапынан мәдениет саласының жай-күйі мен осы салаға көрсетіліп жатқан қолдаулардың қандай дәрежеде екендігі туралы және соңында келесі жылдарға арналған бюджеттік өтінімдерді қарау 2021 жылдың  желтоқсан айындағы  комиссия отырыстарында кеңінен талқыланып, өзекті мәселелерді шешу жолдары қарастырылды. Атап айтқанда, саланың материалдық-техникалық жабдықталуы, қажетті мамандарды тарту,  кеңсе ғимараттарының жағдайын жақсарту бағытындағы шаралар қамтылды. Сонымен қатар мәдени іс-шараларға бөлінген қаражаттың мақсатты  жұмсалуы көтерілді.

           Қазіргі таңда, қаламызда мәдениет саласында 5 мекеме халыққа қызмет көрсетуде.

          Олар:

  1. Мәдениет үйі
  2. Тілдерді оқыту және дамыту орталығы
  3. Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
  4. Түркітілдес халықтардың кітапханасы
  5. Музыкалық драма театр

          Мәдениет үйі бойынша: 2021 жылға қалалық бюджет есебінен 12 айда 76 409,3 мың теңге  қаржы бөлінді. Оның ішінде 12 айда 76 409,3 мың теңгемәдени  іс – шараға қаралды. 2021 жылдың  12 айында қала көлемінде ұйымдастырылып өткізілген   107-ден   астам  мәдени шаралар өткізілді.

Кезінде Қалалық мәдениет үйіне қарасты «Иассы» халықтық-фольклорлық ансамблі 1982 жылы құрылып, 2017 жылға дейін жұмыстарын атқарып келген.

          2018 жылғы қаржылық мәселеге байланысты  қысқартылып, «Иассы» халықтық-фольклорлық ансамблі тараған болатын.

Осы ретте,  2022 жылға “Иассы” халықтық-фольклорлық ансамблін қайта құру жоспарлануда.

              Иассы халықтық-фольклорлық ансамблін ашуға 26 штат бірлігін, айлық жалақысы, ұлттық киімдер мен аспаптарымен қамтамсыз етуге  қаржылай сұраныс берілді.

          Қалада 14 кітапхана бар. 1-Түркітілдес халықтардың кітапханасы, 2. Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі (оның ішінде: 1-орталық балалар кітапханасы, 11-қалалық кітапхана-филиалдары.

Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде  51 штат бірлікте қызметкерлер жұмыс жасайды.  Түркітілдес халықтардың кітапханасында 9 адам қызмет атқарады.

    Кітапханалар материалдық-техникалық база және компьютерлермен қамтамасыз етіліп, интернет желісіне қосылған.

«Тілдерді оқыту және дамыту орталығында» бүгінде 12 қызметкер жұмыс жасап келеді. Атап айтатын болсақ:

-5 қазақ тілі оқытушысы;

-1 ағылшын тілі оқытушысы;

Орыс тілі бойынша маман жоқ.

        Түркістан қаласы бойынша жалпы халық саны 187998 мың. Орталықта қазақ, орыс, ағылшын тілі оқытылады. 16 жастан асқан ересек тұрғындар тегін білім алады.  2021 жылға жалпы қазақ тілі, ағылшын тілдері бойынша 800 жуық қала тұрғындарын оқыту жоспарланған.  

         Оның ішінде қазақ тілінен 500 адам болса, қазіргі таңда 413 адам оқып, сертификат алды. Ағылшын тілінен  300 адам оқыту жоспарланған, оның ішінде 256 адам оқып сертификат алды.

         Оның ішінде өзге ұлт өкілдері қазақ тілінен-56, ағылшын тілінен-28.

Бұдан бөлек, 2021 жылы орталықта тілдерді насихаттау мақсатында 15  іс-шара өткізілді.

       2022 жылға қазақ тілі мен ағылшын тілдерінен оқыту курстарына 1200 адамды қамтимыз деп жоспарлануда.  

          Қаламызда мәдениет саласының жұмысын одан әрі жандандыру мақсатында 2022 жылға арналған іс-шаралар жоспары жасалып нақты жұмыстар атқару белгіленген.

          Осы бағытта «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының орындалуына қалалық мәслихат депутаттары өздерінің сүбелі үлесін қоса береді.

Түркістан қалалық мәслихат хатшысы

Таңғатаров Мақсат Асылбекұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы