- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Құрметті жерлестер!
Қасиетті мейрам – Құрбан айт мерекесімен құттықтаймыз!
Адам өмірінде әр мерекенің орны бөлек. Соның ішінде Құрбан айт – бірлік пен бейбітшіліктің мейрамы. Аталған күндердің адамдар арасындағы бірлікті күшейтіп, бауырластықты арттырудағы рөлі зор. Сондықтан, бұл күндері тәуелсіз Қазақстан халқының басым бөлігін құрайтын мұсылмандар қауымы өзге дін, өзге ұлт өкілдеріне құрметпен қарауы керек. Адамдарды бір-бірінен алыстатпай, қайта жақындата түсуді насихаттайтын тура дін – Ислам әрдайым жақсылық жасап, әділ болуға шақырады. Осынау ұлы мейрамды еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен мемлекеттік деңгейде атап өтуге қол жеткізілді. Сол себепті, тәуелсіз Қазақстандағы Ислам дінін ұстанушылар ынтымақ-бірлігі, достығымен дүниежүзінің назарын өзіне аударып, үлгі болуы біз үшін мақтаныш. Құрбан айт меркесі халқымызбен қайта қауышып жатқан, өзінің болмысында халықтық сипаты мол, ізгілік пен мейірімділікке үндейтін ұлық мереке.
Құрметті түркістандықтар!
Қадірлі қонақтар!
Айт күнгі ізгі ниеттеріңіз бен шалған құрбандықтарыңызды Алла Тағала қабыл еткей! Ұлы мереке мүбәрак болып, әр отбасына бақыт, береке қонғай! Мұсылман қауымның мерейлі, шаттық мерекесі – Құрбан айтпен де қауыштық. Ұлық мереке құтты болсын!
Р.АЮПОВ,
қала әкімі.
Ғ.СӘРСЕНБАЕВ,
мәслихат хатшысы.