ЕҢ КӨП СҰРАНЫСҚА ИЕ БОЛҒАН МАМАНДЫҚТАР МЕН САЛАЛАРДЫ БІЛЕСІЗ БЕ?

1  383 көрілім

HeadHunter компаниясы 2021 жылы ең көп сұранысқа ие салалар мен мамандықтардың рейтингін жасады.

Сонымен өткен жылы еліміздің жұмыс берушілері 350 мыңнан астам вакансия жариялады. Бұл 2020 жылға қарағанда 59% көбейген. Сұраныс ең көп сала – сауда-саттық екен. Әсіресе, тұтынушылармен тікелей жұмыс істеуші менеджерлерге зәру компаниялар көп. Сонымен қатар, тікелей және бөлшектеп сатумен айналысатын жұмыс орындарында да мамандар тапшы.

Екінші орында басқармалы есеп, бухгалтерия, кәсіпорындардағы қаржы бөлімі.  Әсіресе, қарапайым бухгалтерлерге сұраныс көп. Бастапқы құжат айналымы және төлемдер мен шоттар есебін жүргізуші маман іздеуші мекемелер де алдыңғы шепте.

Үшінші орында әкімшілік басқару, ұйымдастыру, үйлестіру жөніндегі қызметкерлер.

Сонымен қатар, ең көп сұранысқа ие мамандық – офис-менеджерлік, іс-қағаздар мен құжат айналымы маманы және жеке көмекшілерге зәру басшылар жетерлік екен. Маманға зәру салалардың бірі – ақпараттық технология, интернет, телекоммуникация. Инженерлер мен телекоммуникация саласының мамандарына да сұраныс көп.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы