ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ӘРТІСІ ТӨЛЕУБЕК АРАЛБАЙ ДҮНИЕДЕН ӨТТІ

1  605 көрілім

Театр және кино актері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, “Құрмет” және “Парасат” ордендерінің иегері Төлеубек Аралбай 72 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Бұл туралы Мұхтар Әуезов атындағы театрдың баспасөз қызметі хабарлады.

Ол отандық бірнеше фильмге түскен. «Абылай хан», «Мөлдір махаббат», «Гамлет», «Өмірзая», «Ғасырдан да ұзақ күн», «Мен ішпеген у бар ма?» және тағы да басқа спектакльдерде ойнаған.

Төлеубек Аралбай 1950 жылы 18 наурызда Семей қаласында дүниеге келген. Өнерге құштар ол бала кезінен-ақ қаладағы Пионерлер Сарайының драма үйірмесіне қатысты. Оның өнердегі ең алғашқы ұстазы атақты режиссер И.Вишневский болды. 1964-1966 жылдары Семей облыстық музыкалық драма театры жанындағы студияны оқып бітірген соң театрдың қазақ тобына қабылданып, алғашқы рөлдерін орындады.

1970-1973 жылдары әскери борышын өтеген соң Қазақ Мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театры жанындағы екі жылдық студияға оқуға түсіп, белгілі сахнагер Р.Сейтметовтің класынан 1975 жылы бітіріп шығады да, Көркемдік кеңестің шешімімен қарашаңырақ театрдың актерлік тобына қабылданады. Театр спектакльдеріне студияда оқып жүргенде-ақ қатысқан оның алғашқы рөлі О.Бөкеевтің «Құлыным менің» драмасындағы Жігіт еді. Содан бері өткен қырық екі жыл ішінде ол сахнаның үлкен шеберіне айналды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы