ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МОНОПОЛИСТ АНЫҚТАЛДЫ ЖӘНЕ ОҒАН ЖАЛПЫ СОМАСЫ 10 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТАМ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

1  374 көрілім

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті жүргізген талдау барысында кірме жолдар саласында қызмет көрсеткен субъект анықталды.

«Отырар-НАН» ЖШС-ы өзінің меншігіндегі кірме жолдар арқылы контрагенттерге басқа бәсекелес кірме жолдар болмауы жағдайында қызмет көрсеткені анықталды.

Аталған қызметке «Отырар-НАН» ЖШС-ы тұтынушылардан өзі тарапынан бекіткен баға бойынша ақы алған.

Бұл ретте, бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда, жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды беру жөніндегі қызметтер табиғи монополия аясына жатқызылғандығы белгілі және ол салаға мемлекеттік реттеу жүргізу қарастырылған.

Қазақстан Республикасы «Табиғи монополиялар туралы» Заңына сәйкес, табиғи монополиялар салаларына жатқызылған қызметті жүзеге асыратын тұлғалар осы қызметті бастаған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде табиғи монополия субъектілерінің Мемлекеттік тіркеліміне енгізуге міндеттелінеді.

Мұндай фактілер анықталған жағдайда, уәкілетті органмен Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 164-бабының 3-бөлігімен әкімшілік іс қозғалады және аталған баптың санкциясына сай кірістің 100 пайызы мөлшерінде әкімшілік айыппұл көзделеді.

Осы орайда, Департамент жоғарыда көрсетілген заңнама нормалары аясында әрекет етіп, бұл «Отырар-НАН» ЖШС-ны 10 569 642,84 теңге сомасында әкімшілік айыппұлға тартылуына әкеп соқты.

Департаменттің қаулысы заңды күшіне енген жоқ және тарап жоғары тұрған органдарға немесе сотқа шағым беруге құқылы.

Сондай-ақ, субъектінің қызметін одан әрі бақылау және реттеу мақсатында «Отырар-НАН» ЖШС-на табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу қажеттігі туралы Департаментпен нұсқама енгізіліп, ол субъектімен орындалды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы