
Futsalplanet Awards 2021 жүлдесінің жеңімпаздары Futsalplanet.com порталында жарияланды. Ерлер арасындағы футзалдан әлемнің ең үздік қақпашысы атағын бразилиялық футзалшы Тиаго Мендес Роша жеңіп алды. Жалпы ұпай саны – 299. Үздіктер қатарына еніп, ұпай саны – 171 құрайтын Қазақстан мен «Қайрат» қақпашысы Игита ұсынылып, екінші орынға ие болды.
«Үздік ерлер командасы» номинациясында Португалия құрамасы жеңіске жетті. Қазақстандықтар үшінші орында. Жалпы ұпай саны – 171. «Ерлер құрамасының үздік жаттықтырушысы» номинациясында португалиялық Хорхе Гомес Брас жеңіске жетті. Ал Қазақстан құрамасының бапкері Пауло Рикардо Кака 193 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.