ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 250 ОРЫНДЫҚ ЖАҢА ЕМДЕУ-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

1  365 көрілім

Биыл Түркістан облысы, Түлкібас ауданында емдеу-сауықтыру кешендерінің қатары толықпақ. Аудан ортылығында салынып жатқан «Түлкібас саясы» емдеу-сауықтыру орталығы омыртқа және буын ауруларын емдеуге бағытталмақ. Нысанның құрылысы бүгінгі таңда 75 пайызға аяқталған. Сәуір айында ашылады деп жоспарланып отыр.

«Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қаржыландырылған жобаның жалпы құны 420 млн. теңгеден асады. Кешен іске қосылған жағдайда ауыл тұрғындары үшін 50 жаңа жұмыс орны ашылады. Өткен жылы Түлкібас ауданында «Қарапайым заттар экономикасы» мемелекеттік бағдарламасына шеңберінде 830 млн. 500 мың теңгеге 9 жоба қаржыландырылған. Оның ішінде 4 жоба мал шарушалығы, 3 жоба көктемгі дала жұмыстарына және 2 жоба денсаулық сақтау мен емдік туризм саласына бағытталған.

Сонымен қатар 2 млрд. 660 млн.теңгелік 14 жобаның құжаттары рәсімделу үстінде. Жоспарланған жобалар толыққанды жүзеге асқан жағдайда аудан қосымша жұмыс көздерімен толығады. Аталған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру бойынша Түлкібас ауданы өңірде көш бастап тұр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы