Күнгейдің маржаны – Сайрам–Өгем

1  439 көрілім

Сусіңген көлі – Түркістан облысындағы “Сайрам-Өгем” мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің інжу-маржаны болып саналады. Көл – теңіз деңгейінен 2 000 метрдей биіктікте Өгем жотасының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Ерекшелігі, жаз айларында көлдің суы жерге сіңіп кетіп, жай өзен болып қалады. Басқа мезгілдерде қайта көлге айналады.


Сусіңген көлінен сіңген су – Шымкент қаласындағы Қошқарата өзенінен және Қазығұрт тауының етегіндегі Ақбура бұлағынан бастау болып шығады.


Көлдің әсем көрінісін тамашалағысы келген туристер онда жаяу немесе атпен барады. Бұл жерде осман балығы тіршілік етеді. Сусіңгенге келген туристер суға шомылып, балық аулап демала алады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы