Өткен жылы Түлкібас ауданында абаттандыру, көріктендіру бағытында ауқымды жұмыстар жасалды.
Атап айтқанда, «Менің Түлкібасым», «Тұнғыш Президент» және «Орталық» саябақтарының аумағы күрделі жөндеуден өтіп, қайта жанданды.

Демалыс орындарына субұрқақтар, балалар ойын алаңшалары мен стрит воркауттар орналастырылды. Түнгі уақытта демалыс орындарының бейнесін айшықтай түсетін түрлі композициядағы жарық шамдары орнатылды.
Алдағы уақытта осындай балалар ойын алаңшасы мен стрит воркауттар облысымыздағы Түлкібас және Састөбе кентінде бой көтереді деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, өңірдің мақтанышы Жабағы ауылының кіре берісіне және Т.Рысқұлов ауылының шығыс қақпасына ауыл атауы жазылған аркалар бой көтеріп, ауыл көркін аша түсті.

Бұдан бөлек, дүние жүзін жайлаған індетпен күресте ақ халатты абзал жандарға тағзым көрсету мақсатында аудан орталығынан «Дәрігерлер аллеясы» ашылған.