«Омикрон» – патогенді, жұқпалылығы «Дельта» нұсқасынан жоғары және ағзадағы антиденелерді айналып өтуге қабілетті, көптеген жаңа мутацияларымен ерекшеленеді.
Омикрон штамы туралы 26 қараша күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) коронавирустың “B.1.1.529” нұсқасы екенін мәлімдеді.
Алғаш “B.1.1.529” штамы Оңтүстік Африка Республикасынан алынған сынама барысында анықталған.

“Omicron” штаммын жұқтыру қаупін төмендету үшін:
-Үш дозалы вакцинация режимін (немесе екі доза + емделген Covid инфекциясы) барлығына вакцинацияның толық схемасы ретінде қарастырылуы керек;
- Әлеуметтік байланыстар мен жұмыс орнындағы өзара әрекеттесуді азайту – жұқпадан сақтанудың ең тиімді әдісі.
Өзара әрекеттесу болған кезде келесі шаралар таралу қаупін төмендетуі мүмкін:
- Ревакцинация;
- Бөлменің ауасын жиі тазартып отыру;
-Үй-жайлар мен көшелерде маска режимін міндетті және қатаң түрде сақтау;
- Әлеуметтік ара қашықтықты ұстану;
-Бұқаралық шараларды шектеу;
- Осал топтағы адамдар үшін барлық сақтық шараларын күшейту.
