ТҮРКІСТАН ӘКІМІ ЖЫЛУ ҚАЗАНДЫҒЫНЫҢ ӘЗІРЛІГІН ПЫСЫҚТАП ЖҮР

1  537 көрілім

Түркістан жылу беру маусымына дайындалуда. Бүгін қала әкімі Рашид Аюпов қазандықта болып, қаланы 2019-2020 жж. жылыту маусымына дайындау бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
№2 қазандықтың ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 37 418,0 мың теңге бөлініп, бүгінгі таңға жөндеу жұмыстарының 60% орындалған.
Көмірмен қамтылуы: Орталық жылу қазандығын қатты отынмен қамтамасыз ету үшін 16000 тоннаға 10123 теңгеден 161971,2 мың теңгеге «Самғау Жасқанат» ЖШС-мен келісім шарт түзілді.
Орталық жылу қазандығын қатты отыннан, табиғи газға ауыстыру бойынша: «Жылу» МКК-де қатты отыннан табиғи газбен жұмыс жасайтын қазандық орнатуға ЖСҚ дайындауға, жергілікті бюджеттен 4889,0 мың теңге бөлінген конкурс жарияланып, мердігер «МПК-ПРОЕКТ» ЖШС жеңімпаз атанып, ЖСҚ дайындалып сараптамаға жіберілді.
Отырар мөлтек ауданын жылумен қамтамасыз ету: Отырар мөлтек ауданындағы жаңадан салынған 26 көпқабатты тұрғын үйді жылыту үшін № 3 қазандық құрылысы аяқталып, сұйытылған және табиғи газ құрылғысы орнатылған.
Жалпы, үйлер мен ғимараттарды қысқа дайындау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы