ЖАС АҚЫНМЕН КЕЗДЕСУ

793 көрілім

Жас ақын Түркі тілдес халықтар кітапханасында жастармен кездесті. Кештің мақсаты – жас ақын Жанғалидің өлеңдерімен танысу, жетістіктерімен бөлісу, мектеп оқушылары арасындағы шығармашылыққа бейім жастарды баулу.

Ақынмен кездесуге қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ә.Сәкен, ардагер кітапханашысы Х.Әлима, ақын М.Аматаева, ҚР Мәдениет қайраткері, сазгер С.Елеуов, облыстық жастардың ресурстық орталығы басшысының орынбасары С.Ескермес, жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары С.Ержан және поэзия мен әдебиет сүйер жастар қатысты.

Кешті ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан жастар одағының лауреаты, сазгер, доцент С. Елеуов кіріспе сөзбен ашып, Жанғалидің өлеңдерінде өмір, еркіндік, жанға әсер ететін, адамды бей-жай қалдырмайтын өзіндік пікірі мен тұжырымдары бар екенін алға тартты.

Сондай-ақ, кездесуде жас ақын Жанғали жастармен еркін сұхбат жасап, өлеңдерін оқып, шығармашылық жолындағы естеліктерімен бөлісті.  Жастар қызықты сауалдар қойып, ақын өлеңдерін жатқа оқыды. Бүгінде Жанғали Мұсаев ХҚТУ-нің өнер факультетінің оқытушысы. Өнер жолында шәкірт тәрбиелеп отырған тәлімгер. Шығармашылық кеште ақынның шәкірттері де қазақы нақышта дәстүрлі әндерді айтып, домбыра құлағында ойнады.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ә.Сәкен ақын Жанғали мен  шәкірттеріне  сый-сияпат тапсырып, Алғыс хаттармен марапаттады. Елді алға бастаған қашан да жастар. Сондықтан кездесуді ұйымдастырушылар өскелең ұрпақ үлгілі тұлғалардан үйреніп, өсіп-өнсе дейді. Кештің негізгі мақсаты да осы болса керек. Осындай әсерлі кездесуді ұйымдастырушылар алдағы уақытта жастар үшін ғибратты, өнегелі, танымы мол шаралар легін жалғастырамыз деп отыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы