МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ӘРІПТЕСТЕРІМІЗ МАРАПАТТАЛДЫ

769 көрілім

1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президент күні және 16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздінің 30 жылдық мерекесі қарсаңында редакциямызға жағымды жаңалық болды. Қаламыздың айнасы саналатын жергілікті «Түркістан», «Туркистон» газеттерінің қызметкерлері, атап айтсақ редактордың орынбасары Ләззат Сарыбаева, қазақ бөлімінің меңгерушісі Қуаныш Тасыбаев, өзбек бөлімінің меңгерушісі Райымжан Әлібаевтарды Түркістан қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, «Бітімгер» қоғамдық бірлестігінің басшысы Бақытжан Бейсембаев «ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл» қоғамдық естелік медалімен марапаттады.

Бізде редакция ұжымы атынан әріптестерімізді мереке қарсаңында алған медалдарымен құттықтап, 91 жылдық тарихи бар қарашаңырақ басылымда еңбектеріңіз жана берсін деп тілек білдіреміз. Тағы да марапаттарыңыз құтты болсын!

Редакция ұжымы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы