ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ДАБЫЛЫ ҚАҒЫЛАДЫ!

870 көрілім

Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары!
2021 жылдың желтоқсан айының 3 күні сағат таңғы 9.00-де Түркістан қаласында азаматтық қорғану мақсатында құлақтандыру жүйесі тексеріледі.
Осыған байланысты, қала көлемінде орнатылған құлақтандыру жүйелерінің жай-күйін тексеру мақсатында оқу-жаттығу жиыны өтуде.
Бүгінгі таңда, Түркістан қаласы аумағында 34 құлақтандыру жүйесі орнатылған. Осы жүйелердің қалыпты жұмыс жағдайын тексеру мақсатында 3 желтоқсан күні таңғы сағат 9.00-де халықты хабарландырудың барлық жүйелері іске қосылып, дабыл қағылады.
Дыбыстық сигнал – бұл қауіп төнген немесе төтенше жағдай туындаған кезінде халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы.
Осыған орай, Түркістан қаласы мен қала аумағында тұратын тұрғындар және қала қонақтарын сабырлық сақтауға және үрейленбеуге шақырамыз.

Түркістан қаласы,

Төтенше жағдайлар басқармасы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы