ФАРАБ КІТАПХАНАСЫ ЖАҢА КІТАПТАРМЕН ТОЛЫҚТЫ

543 көрілім

Облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен, облыстық қоғамдық даму басқармасы мен  облыстық этно-мәдени бірлестік  жастарының ат салысуымен «Сан ғасырлық тарихи таным – саналы ұрпақ ұлағаты» атты іс-шарасы өтті.

Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жарық көрген кітаптар болашақ жастарымызға рухани һәм мәдени құндылық беретін бірден бір ел санасын жаңғыртушы туындылар ретінде оқырмандарға ұсынылып отыр.

Іс-шараны Түркістан облыстық Жазушылар одағының төрағасы – Айдар Сейдазым ашып берді. Ағымдағы жылдың 10 сәуірінде «Қарақ» тауында өткен халықаралық ғылыми-танымдық конференциясы туралы бейнесюжет назарға ұсынылды.

Мәдени іс шараға Қанжігіт Сыздықұлы, Ахмет Әбутәліп, Әбдірәсіл Әбдісадық және Битұрсын Ғалымжан, қалалық мәслихат депутаты Сәкен Хандиллаев, Ұлжан Әбенқызы,Ә бутәліп Охапұлы, Үмбет Жүсіпбаев секілді зиялы қауім өкілдері қатысып, жаңа туындылардың тұсауы кесілді

Оқырманға ұсынылған жаңа кітаптар тізімі:

1. Сыздық Қ.С., Битұрсын Ғ.Ш. «МҰРЫНҚАРАҚ ТАУЫНДА 10 СӘУІР                                                    2021 ЖЫЛЫ ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ МАТЕРИАЛДАР ЖИНАҒЫ»

2. Жанысбеков О.К., Ахмет Ә.О. «КӨКСАРАЙ»

3. Жанысбеков О.К., Ахмет Ә.О. «ЖАБУЛЫ ТАРИХ ЖАҢҒЫРЫҒЫ»

4. Жанысбеков О.К., Ахмет Ә.О. «ОНЖЫЛДЫҚТАР ТОҒЫСЫНДА»

5. Жанысбеков О.К., Ахмет Ә.О. «ХОРАСАН АТА ӘУЛИЕЛЕРДІҢ ӘУЛИЕСІ»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы