ШАҺАР ТӨРІНДЕ “ТОЙБАСТАР” КҮЙШІЛЕР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

1  130 көрілім

Қараша айының 4 жұлдызында “Сәлем саған Түркістан” өнер фестивалі кезекті концерттік бағдарламасы қаладағы “Конгресс холл” кешенінде жалғасын тапты. Қазақ күй өнерінің жарық жұлдызы Дина Нұрпейісованың 160 жылдығына арналған “Тойбастар” күйшілер фестивалін Облыстық мәдениет басқармасы ұйымдастырған.

Думанды кеште ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, белгілі күйші, композитор, домбырашы Анар Мұздаханова, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, дәулескер Айгүл Үлкенбаева, Сәбира Бибатырова, Жақсылық Нұрғиса, Оспан Аманжол, Мағжан Тойшыбай, Құттыгерей Дүйсеев және “Саялы Сарыағаш” этно-фольклорлық аспаптар ансамблі өнер көрсетіп, көрермен ықыласына бөленді.

Фестивальдің мақсаты: халқымыздың асыл мұрасы – күй өнерін келешек ұрпаққа жеткізу,  ұлттық рухта тәрбиелеу, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, күй өнеріне баулу, күй анасы Дина Нүрпейсованың шығармашылығын кеңінен насихаттау дәріптеу.

Сонымен қатар, жас күйшілерінің орындауында табиғи-тарихи жерлерде түсірілген Дина Нүрпейсованың «Тойбастар» күйінің жаңа бейнебаянының тұсауы кесілді. Фестивальде Дина Нүрпейсова апамыздың күйлерінен бөлек, күй атасы Құрманғазы, Сүгір т.б күй әлемінде орны ерек тұлғалардың күйлері орындалды.

Іңкәр САГИНАЛИНА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы