ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОНЛАЙН-КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

949 көрілім

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Сенат мәжіліс залында филология ғылымдарының докторы, профессор Сейдулла Садықовтың 70 жасқа толуына орай, «Ел тәуелсіздігі және ұлттық журналистиканың өзекті мәселелері» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция өтті.
Шараны модератор, профессор Б.Сердәлі ашып, жүргізіп отырды. Конференцияға республика көлеміндегі жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары, Түркия және Өзбекстан ғалымдары, докторанттар мен магистранттар, студенттер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Конференцияда Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің ректоры Ж.Темірбекова, ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлова, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Тәжібаев, Түркістан қаласының әкімі Н.Тұрашбеков, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және саясаттану факультетінің деканы, профессор Қ.Өміртайұлы, Қазақстан Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Ғ.Елшібай, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, жазушы Қ.Түменбай, ХҚТУ-дің ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Мырзалиев мерейтойы иесін арнайы құттықтап, сый сияпат жасады.
Сейдулла Садықовтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Ел тәуелсіздігі және ұлттық журналистиканың өзекті мәселелері» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференцияда Түркия, Өзбекстан мемлекеттерімен қатар, еліміздің медиа саласының ғалымдары баяндама жасады. Жиын соңында Сейдулла Садықов конференцияға келген еліміздің жоғары оқу орындарының профессор-оқытушыларына, Түркия және Өзбекстан ғалымдарына, докторанттар мен магистранттарға және студенттерге алғысын білдірді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы