Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістандағы жаңа театр «Бөрте» спектаклін көрермен назарына ұсынды. Аталмыш қойылым, жазушы, драматург Дулат Исабековтың пьесасына негізделген. Жаңа қойылымның шымылдығын Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев ашып берді. Басты рөлді Нүркен Өтеуілов Шыңғысханның, ал Айя Шәріп Бөртенің рөлін сомдады. Жаңа театрдың алғашқы қойылымын көрсетуге белгілі италиялық режиссерлер Давиде Ливермор мен Карло Шаккалуга шақыртылған.





Фото: Ұлпан Абдірахман


Сондай-ақ, қойылымға Қазақстанның әр аймағындағы театрлардан талантты жас актерлер мен танымал қоғам қайраткерлері де қатысты. Атап айтсақ, рөлдерді Қазақстанның халық әртісі Алмахан Кенжебекова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Лейло Бекзанар-Ханинга, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Алихан Ыдрышева, Еркебұлан Дайыров, Ақбота Қаймақбаева, Нүркен Өтеуілов, Айя Шәріп сынды кәсіби актерлер сомдады.




Пьесаның авторы Дулат Исабеков қойылым соңында сөз сөйлеп, алғаш рет сахнаға жолға тартқан туындының барысына тоқталды. Алған әсері мен ұнамай тұрған кемшін тұстарын да жасырмай айтты.
Бөрте тарихи тұлға. Бұл жәй ғана кейіпкер емес. Сондықтан менің осы пьесам үлкен сахнаға жол тартып, көрерменге ұсынылып отырғанына өте қуаныштымын. Бір көңілім толған тұс, қойылым сіздерге жол тартпас бұрын театр ұжымы менімен ақылдасып отырды. Ал ұнамағаны барабанның дауысы. Біз мұнда қойылым көруге келдік, барабанды тыңдау үшін емес. Сондықтан оны азайтқан дұрыс – деп, сөз сөйледі пьеса авторы.



Бөртеге арналған шығарма қазақ сахнасында тұңғыш рет қойылып отыр. Қойылым 10-11 жастағы Темүжін мен Бөртенің алғаш танысуынан басталып, Шыңғыс қағанның алып империяны басқарып тұрған кезеңдерін қамтиды. Шыңғыс хан әскерінің жеңісті жорығы Қытайдан басталып, Украинада болған шайқасқа дейін жетеді. Темүжін алауыздық жайлаған тайпаларды біртұтас мемлекетке біріктіріп, Шыңғыс қаған атанады.



Драмасы мен трагедиясы жетіп-артылатын спектакльде өжет те қайсар, ажарлы да ақылды, қайсар әйел Бөрте ханымның ғұмыры баяндалады. Тарихи спектакльдің ғылыми кеңесшісі тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрлан Атығаев. Декорация шынайлығымен, сахналық киімдер тартымдылығымен, реквизиттер шеберлердің арнайы дайындалғанымен ерекшеленді.



Қойылым соңында Дулат Исабеков сөз сөйлеп,өз ризашылығын білдірді

Белгілі композитор Хамит Шаңғалиев спектакльге арнап эксклюзивті музыкасын жазған.
Ғалия БИСЕЙІТ
