Өзбекстан Республикасы азаматтарының назарына!

438 көрілім

Өзбекстан Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы хабарлайды:
2021 жылғы 24 қазанда Өзбекстан Республикасы Президентінің сайлауы өтуіне байланысты Түркістан облысының аумағында уақытша немесе тұрақты тұратын Өзбекстан Республикасының азаматтары үшін ағымдағы жылдың 15 қазанында Түркістан қаласында мерзімінен бұрын дауыс беру пункті ұйымдастырылады.

Түркістан қаласындағы дауыс беру пунктінің мекен жайы: Б. Саттарханов даңғылы,№29 үй, Х.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті.

Дауыс беру тәртібі туралы толық ақпарат Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының www.saylov.uz. сайтында жарияланған.

Бас консулдық Өзбекстан Республикасының азаматтарын конституциялық құқығын пайдалануға және маңызды саяси шараға қатысуға шақырады.

Байланыс телефоны: +7 727 390-26-16, +7 727 299-20-70 kz.uzconsulate@mfa.uz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы