ТҮРКІСТАНДА БОКСТАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ XVI РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

1  392 көрілім

Шаһардағы «Б.Шолақ» атындағы спорт кешенінде «Спорт есірткіге қарсы» ұранымен бокстан 2008-2009 ж.т. жасөспірімдер арасында халықаралық дәрежедегі спорт шебері Бекзат Саттархановты еске алуға арналған республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті.
Республика көлемінде өткелі жатқан жарысқа Астана, Алматы, Тараз, Қызылорда, Атырау, Шымкент, Қарағанды бокс мектебі командалары қатысты.


Салтанатты шараға қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков және Б.Саттархановтың анасы Сырлыгүл Шойбекова, Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Айтмұхаметәлі Илиясұлы, қалалық мәслихат депутаты Ғаппар Амантайұлы қатысты.
Жиында Сырлыгүл Шойбекова сөз бастап, жастарға қолдау білдіріп жарысты ұйымдастырушыларға алғысын айтты. Сөз тізгінін жалғаған Айтмұхаметәлі Илиясұлы да жас спортшылардың қабілетін шыңдауда турнирдің маңызды екенін түсіндірді.
Шара соңында қала басшысы Н.Тұрашбеков жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, ел жастарына үлкен үміт артатынын жеткізді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы