ЕЛІМІЗДЕ КАРАНТИНДІК ТАЛАПТАР ЖЕҢІЛДЕП,ТОЙ ЖАСАУҒА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ

249 көрілім

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды primeminister.kz сайты.

Денсаулық сақтау министрі Александр Цой елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанын, соңғы 2 аптада сырқаттанушылық пен өлім-жітім деңгейі 60%-ға төмендегенін айтты. Осыған байланысты ВАК бірқатар шешім қабылдады:

1. Биылғы 27 қыркүйектен бастап «Ashyq» бойынша «қауіпсіз» мәртебесі бар қызметкерлер мен келушілердің қатысуымен келесі іс-шараларды өткізуге рұқсат етілсін:

2. 16 елмен әуе қатынасын жаңарту және ұлғайту (Ресей Федерациясы, Түркия, БАӘ, Өзбекстан, Германия, Мальдив, Корея, Польша, Венгрия, Италия, Чехия, Шри-Ланка, Қытай, Сауд Арабиясы, Кувейт, Әзербайжан). 3. Қолайлы эпидемиологиялық ахуалы және халықты вакциналаудың жоғары деңгейі бар 30 шет мемлекетпен Қазақстан Республикасына кіру үшін визасыз режимді қайта бастау (Италия, Нидерланды, Франция, Германия, Испания, Жапония, БАӘ, Сауд Арабиясы, Кувейт, Польша Дания, Чили, Венгрия, Корея, Чехия, Бахрейн, Катар, Монако, Кипр, Исландия, Финляндия, Мальта, Швеция, Португалия, Лихтенштейн, Словакия, Люксембург, Канада, Сингапур, Бельгия).

Сондай-ақ Е. Тоғжанов вакцина алудың қолжетімділігін арттыру мақсатында әкімдіктерге әуежайларда, темір жол вокзалдарында, ірі базарлар мен сауда орындарында талаптарға сәйкес келетін пункттер ұйымдастыруды тапсырды. ВАК отырысының қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары бірқатар басқа тапсырмалар берді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары