ЭКОБАЗАР МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАМЕН ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ

484 көрілім

Түркістан қаласында салынған жаңа экобазарда мобильді қосымшаның көмегімен сауда жасауға болады. Жаңа жүйеге жақын күндері іске қосылмақ. Аталмыш орында Түркістан облысы мен басқа да облыс, қалалардың диқандары өз өнімдерін таяуда ашылатын заманауи экобазарда саудалай алады.

Фермерлер базары 14 га жерде орналасқан. Мұнда 900 сауда орны бар. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев осы экобазарда болып, жай-күйімен танысты. Базар басшылығы мен осы салаға жауапты өкілдерге диқандар үшін қажетті жағдайды жасау жөнінде тапсырма берді. Бұл жабық базар барлық азық-түлік тауарлары көтерме бағамен сатылатын ең ірі сауда орталығына айналмақ.

Осы күні облыс әкімі шаһарда құрылысы қарқын алған бірқатар нысандарды аралап, құрылысшылармен жүздесіп, жұмысты жауапкершілікпен атқаруды жүктеді.

Халықаралық әуежайға барар жолда жүргізіліп жатқан көгалдандыру барысын бақылаған өңір басшысы қаладағы жаңа арбат пен гүлзарлардағы абаттандыру жұмыстарын пысықтады. Сонымен бірге «Алатау» медиа орталығында болған облыс әкімі халықаралық телеарнаның алдағы жоспарларымен танысты.

Шаһардың жаңа нысандарын аралау барысында облыс әкімі орталық стадион және оқушылар үйінің айналасында жүріп жатқан көгалдандыру жұмыстарын да зерделеп, мердігерлерге жұмысты ширатуды тапсырды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы