“Билік халықпен санасуы керек”. Иə, қарапайым тұрғындар осы сөзді жиі айтады. Дегенмен енді Түркістан жұртшылығы үшін керемет мүмкіндік туғандай. Себебі, шаһар басшысы апта сайын халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, мəселелеріне назар салуда. Қоғам мен биліктің ашық, жақын əрі тығыз байланыста болуы біртұтастық пен арадағы сенімді жақындата түсері сөзсіз. Осы мақсатта қала əкімі Рашид Аюпов “Яссы” мөлтек ауданының тұрғындарымен жүздесуін екінші күн қатарынан жалғастырды. Кездесу барысында №23 IT мектеп-лицейінде жиналған қауым түйіткілді мəселелерін ортаға салды.

“Мен алда сіздердің көңілдеріңізден шығатын жұмыстар жасау үшін əрбіріңіздің ұсыныстарыңызды тыңдаймын. Ол – болашақ даму жоспарымыздың игілігі үшін аса маңызды” деген қала басшысы көпшілік сұрауы бойынша əкімдік қызметіне де тоқталып өтті. Бүгінде əкімдікте 148 қызметкер бар. Олардың жұмыс тəжірибесін анықтау бойынша жақында арнайы тест те өткізілген. Шаһар басшысының сөзінше, қызметші алдымен кез келген мəселені жоспарлап, түсіндіру жұмысын нақты қарастыру керек. Өйтпеген жағдайда, ауыс-түйістердің де орын алуы ғажап емес.
Халықпен ой бөлісіп, пікірлерін тыңдауға келген əкімге қуанышын жеткізген тұрғындар көкейінде мемлекет мұқтажы үшін алынған жер мен қоғамдық көлік мəселесі кеңінен айтылды. Себебі, бұл мөлтек ауданның тұрғындары қаланың кіре беріс бағытында тұратындықтан, үйлері мемлекет тарапына өтіп, есесіне жолды кеңейту, веложолдар мен аяқ жолдар салу, ағаш отырғызып көгалдандыру жұмыстары жанданбақ.
Айта кетейік, бүгіннен бастап қалада бейнекамералар орнату басталған. Ал жыл соңына дейін 4 канал түсіп, нəтижесінде экологияның тазаруына, шаңның, ыстықтың басылуына түрткі болмақ. Сонымен бірге, осы жылы желтоқсан айына дейін қаланың 70 пайызы толықтай газбен қамтамасыз етілетін болады.
Жанерке ЖАРЫЛҚАСЫН,
“Түркістан”.