ЕЛ МҮДДЕСІН КӨТЕРГЕН ЖОЛДАУ

571 көрілім

Президент өз Жолдауында қоғам дамуының тамырына балта шауып отырған ең негізгі кесел – жемқорлық, елді толғандыратын жер мәселесі, еліміздің халықаралық аренадағы экономикалық мүддесі, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың жаңа тұжырымдамасы, қосазаматтық, адам құқықтарын қорғау, денсаулық мәселесі, «Аңсаған сәби» жобасы, инклюзивті ел, т.б. маңызды мәселелерге тоқталды.

Жолдауда көтерілген мәселелер барлық қазақстандықтарды, бірінші кезекте ұстаздар құрамын бей-жай қалдырмайды. Жолдауда еліміздің әл-ауқатын дамыту мен экономикасын жетілдіру жолындағы ұстанған басты басымдықтарының бірі Білім беру саласы екендігі баса көрсетілді. Президент Жолдауының бір бағыты сапалы мәселелеріне арналғаны қуантады.

Бүгінгі таңда елді толғандыратын ең маңызды мәселелердің бірі – білім беру жүйесі екені белгілі. Індетке байланысты 2020 жылдың наурыз айынан бастап барлық білім беру орындары қашықтан оқыту форматына көшті. Аяқ асты келген індетке дайын болмаған халық абдырап қалды. Бұл жағдай – білім беру жүйесіне кері әсерін тигізбей қоймады. Тығырықтан шығар жол іздеген қадамдардың біршама қателіктері де болды. Дегенмен уақытында жасап-жабдықтаған әдістемелік нұсқаулықтардың арқасында мұғалімдер өз уақытында қашықтан білім беру жүйесінің ерекшеліктерін меңгеріп, ата-аналармен және оқушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, білім беруді тиімді ұйымдастыра алды. Осы мәселелерді сөз еткен мемлекет басшысы елімізде білім берудің онлайн форматын жасақтай алмағанын, сол себепті бірыңғай отандық формат жасақтауды жеделдету керектігін тапсырды. Бұл – білім беру жүйесіндегі жіберілген қателіктерді шешудің жолы. Қазіргі таңда еліміздегі оқу орындары отандық білім беру форматын меңгеруде. Жаңаша оқыту жүйесін меңгеру заман талабы екенін, ел басындағы күрделі мәселені жіті түсінген Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің ұжымы ұсынылған оқыту платформасын меңгеруде біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, білім-біліктерін толықтырды. Барлық студенттермен және ата-аналармен онлайн байланысқа шығып, түсіндіру жұмыстары жүйелі жүргізілді.

Жолдауда көтерілген тағы бір мәселе – мұғалімдердің жалақысы. Бұл, әрине, көңілге қуаныш сыйлап, ұстаздар қауымын шабыттандыра түсері сөзсіз.

Жолдауда айтылған әр сөз біз үшін, халық үшін өте маңызды. Ел мүддесін көтерген Жолдаудың халықтан қолдау табары сөзсіз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы