СЕМЕЙ СЫНАҚ АЛАҢЫНЫҢ ЖАБЫЛҒАНЫНА 30-ЖЫЛ

1  276 көрілім

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков Семей сынақ алаңының жабылуының 30- жылдығына орай ядролық сынақ алаңы маңында әскери қызметін атқарған түркістандықтарды марапаттады.

Осыдан отыз жыл бұрын Тәуелсіздіктің ақ таңы атқан тұста Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың пәрменімен 1949 жылдан бері қазақ топырағында 450-ден астам жер үсті жер асты ядролық сынақ өткізілген полигон өз жұмысын тоқтатты.

   Түркістан облысы ядролық сынақ полигоны ардагерлері мен мүгедектері ҚБ төрағасы Құралтай Салықбаевтың айтуынша,   сол жылдары Семей өңірінде әскери қызмет атқарған түркістандықтардың саны 579 болса, олардың 300-ден астамы қоғамдық бірлестік мүшелері. Олардың  дәрежесі ҰОС ардагерлерімен теңестірілген соң, барлық жеңілдіктер қарастырылуда.

  Қала әкімі Түркістан қаласының дамуына сүбелі үлес қосқан Семей полигоны ардагерлері Асан Жайынбаевқа «Семей полигонының жабылғанына 30-жыл», «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған мерейтойлық төсбелгісін Бекмұрза Ордабаевқа табыс етті.

 Түркістан облысы ядролық сынақ полигоны ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық бірлестігінің ондаған белсенділері қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Ескендір ЕРТАЙ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы