ӘКІМ ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАЙДЫ

913 көрілім

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков қалалық Жастар ресурстық орталығының директоры Бақытжан Дүкенбайды қабылдап, орталық тарапынан жыл басынан бері атқарылған жұмыстардың есебін тыңдады.

Облыстық Жастар орталығының директоры Ерасыл Төлебаев қала жастарын қолдау арқылы олардың қоғамдық белсенділігін арттыру мүмкіндіктерін атап өтті. Бұл бағытта қалалық орталықпен ортақ жоспарлар құрып, бірге жұмыс істеуге ниетті екенін жеткізді.

Қала басшысы Нұрбол Әбдісаттарұлы өз сөзінде:

– Жастар – үлкен күш. «Сенікі» немесе «менікі» деп бөле жаратын дүние жоқ, -деп жастардың белсенділігін арттыру керектігін алға тартты.

Әкім рухани астана жастарының патриоттық сезімін серпілтетін барлық бастаманы қолдап, қала жастарына демеу болатынын айтты.

Түркістан тұрғындарының 25,1 пайызын жастар құрай-ды. Қала әкімі жастарға ар-тылатын үміт пен сенімнің мол екеніне тоқталып, үлкен жоба мен жоспарлар күтетінін атап өтті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы