Отырар ауданы, Маяқұм ауылының солтүстігінде 9,5 км қашықтықта, Ақжар деген жерде орналасқан. Сырдария өзеніндегі өткел қасында орналасқан. 1900 жылы Н.В.Руднев қазба жүргізіп зерттеген. 1947 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (А.Н.Бернштам), 1975 жылы Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы (К.А.Ақышев, К.М.Байпақов) зерттеген. Ғылыми әдебиетте Оқсыз Әбу Насыр әл-Фараби туған ортағасырлық Весидж қаласы деп есептеледі. ХІІІ ғасырда қала Зернук деген басқа атпен белгілі болған. Сырдария өзеніндегі өткел қасында орналасқан. ХІІІ ғасыр ортасында Зернук қаласы армян патшасы Гетум саяхатының сипаттамасында аталады.
Оқсыз қалашығы І–ХІҮ ғ.
2 542 көрілім
