Күлтөбе Ортағасырлық Түркістан қаласының шығыс жағында, Қ.А. Яссауи кесенесінен оңтүстікке қарай 480 м жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен биіктігі 235 м. Сопақша келген, биіктігі 9 м, аумағы 150х120 м ауқымды төбешік болып келеді. Ескерткіштің топографиясы қатты өзгеріске ұшыраған. Күлтөбеде алғашқы болып археологиялық қазба жұмыстары 1972-1974 ж.ж. Т.Н.Сенигова басқарған Түркістан отряды тарапынан жүргізілді. Белгілі археолог Е.А. Смағұловтың пікірінше қала б.з.д. ІІ ғ. Жібек жолымен қатар қалыптасқан.
Күлтөбе (Ясы, Түркістан) қалашығы бз.д. ІІ ғ. – ХІХ ғ.ғ.
2 512 көрілім
