АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

1  323 көрілім

Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Түркістан қаласындағы «Эко-базар» әмбебап сауда орталығында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеге Ордабасы, Отырар, Сайрам, Шардара, Арыс, Келес, Бәйдібек, Сарыағаш аудандарының 30 астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өнімдері шығарылды.
Отандық өнімдер қала тұрғындарымен қонақтарға базар нарқынан 10-15 пайыз төмен бағада ұсынылды. Шарада көкөніс пен жеміс-жидектен бөлек, сүт, балық нан өнімдері саудаланды. Аталған іс-шара алдағы уақытта өз да жалғасын табатын болады. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне жиналған жұрттың қарасы қалың болды. Барлығы да арзандатылған отандық өнімге қызығушылық танытты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы