ЕЛБАСЫ ОТЫРҒЫЗҒАН АҒАШ МӘУЕЛІ БАҚҚА АЙНАЛДЫ

1  200 көрілім

Бүгінде зейнет жасында болса да елі үшін аянбай тер төгіп жүрген белгілі кәсіпкер Даныш Маннатовтың өмір жолында жетілдірген ауыл шаруашылығы бағытындағы баудың алғашқы көшетін Тұңғыш Президентіміз 1995 жылы 13 сәуір күні Түркістанға келген сапары кезінде отырғызған екен. Осы бір тарихи оқиғаның болғанына да ширек ғасырдан асыпты. Ал, бүгінде түркі жұртының төрі атанған Түркістанға аса зор еңбегі сіңген Елбасының отырғызған ағаштары өз жемісін беріп тұр.
Ауыл шаруашылығы саласының білікті маманы, бұған дейін мемлекеттік қызметте тер төккен, өңірімізге танымал Түркістан қаласының Құрметті азаматы, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының бұрыңғы депутаты Даныш Маннатов соңғы жылдары өсіріп жетілдірген бауын жетіге бөліп, әрқайсысына арнайы атау берді.
Тарқатып айтсақ, Қазақстан Республикасының 30 жылдығына – 30 игі іс және 6 шілде – Нұр-Сұлтан қаласының күніне орай «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» атындағы, Иқаннан шыққан дүниежүзіне атақты ғұлама ғалым, Ислам діни қайраткері «Қауам ад-дин ал-Итқани» атындағы, білікті педагог, іскер басшы, өнегелі ұстаз Дадаш Маннатовтың 100 жылдығына арналған «Ұстаздар», тәжірибелі дәрігер-хирург Ергеш Дадашұлының 75 жылдығына арналған «Дәрігерлер», «Абдувахид ата» атындағы «Ұлы Отан соғысы ардагерлері», «Мұзаффар ата» және «Сейіткамал ата» атындағы ардагерлер бауларының ашылу салтанаты өтті. Сауран ауданы мен Түркістан қаласының зиялы қауым өкілдері, ақсақал-қарияларының басын қосқан жиында Сауран ауданының әкімі Ғани Рысбеков, мәслихат хатшысы Мейрамбек Күнпейісов, ауыл ақсақалы Айниддин Абубакировтардың жылы лебіздерімен ашылған шара баулардың жеке-жеке таныстырылуымен жалғасты.
(Шараның толық мәтінін «Түркістан» газетінің алдағы
сандарынан оқи аласыздар).

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы