МЕДИАЦИЯНЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ ОРНЫ

838 көрілім

Татуласудың басты мақсаты – дауды бітімгершілікпен шешудің екі тарапты қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу. Татуласу оның ішінде медиация тәртібімен татуласуға тоқталатын болсақ. Медиацияны жүргізу кезінде еріктілік, құпиялық, медиатордың тəуелсіздігі мен бейтараптығы жəне медиация тараптарының тең құқылығы мен оның рəсіміне араласуға жол бермеушілік қағидаттары сақталуы тиіс. Медиация тəсілі сот ісіндегі əділ төрелікті қамтамасыз етудің негізгі тəсілдерінің бірі. Біздің ата-бабаларымыз бұрын бұл тəсілді тиімді қолданып, түрлі дауды билер соты арқылы бітімгершілікпен шешіп келгендіктен, бұл Заң барлығына жат емес. Жеке жəне заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық жəне өзге де құқық қатынастарынан туындайтын дауларды реттеу кезіндегі медиация сотқа жүгінгенге дейін де, сот талқылауы басталғаннан кейін де қолданылуы мүмкін.
Елімізде «Медиация туралы» заңның қабылдануы, медиацияның дамуы, өркениет көшіне батыл бет түзеген қоғамымыздағы оң өзгерістердің жүзеге асырылып жатқандығының айқын көрінісі екендігі даусыз. Қазақ халқы үшін бітімгершілік – билік айтудың ең озық өнегесі. Ұлы қазақ даласының билігінің белгілі дара тұлғалары – Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бастаған дана билердің ел арасындағы кез келген дауды бітімгершілік жолымен шешіп, халқымыздың бірлігін, ауызбіршілігін, тұтастығын сақтауға үлкен назар аударғандығы баршамызға мәлім.
Медиация – жалпы дауларды шешудің балама әдісі. Яғни, медиаторлардың негізгі міндеті – дауласушы екі жақты сотқа дейін ортақ шешімге келтіру, анығын айтқанда, екі жақтың пікірін үйлестіру. Медиация – бұл дауға талдау жасап, қарам-қатынасты реттеу үрдісін жүргізуші, дауласу үстіндегі екі тараптың да қажеттіліктерін қанағаттандыратындай шешім қабылдауға ұйытқы болатын дауды шешудің бірден-бір әдісі.
Медиация туралы заңымыздың аты бөлек болғанымен қазақ халқы үшін жат дүние емес. Халқымыздың дарабоз билерінің дәстүрлі билік жүргізу тәсілінің заңды жалғасы екендігін түсінгеніміз абзал.

А.ШОЙБЕКОВ,
Түркістан қалалық сотының бас маманы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы