РАШИД АЮПОВ – ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

1  992 көрілім

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен, Президент әкімшілігінің келісімімен Рашид Аюпов Түркістан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Алғашқы еңбек жолын 2003 жылы бастаған Рашид  Абатұлы  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде бірнеше  лауазымдық қызметтер атқарған. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшылығы Хатшылығының бас консультанты лауазымдарында еңбек еткен. Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі лауазымдарын атқарған. 2019 жылдың 3 шілдесінен бастап  Түркістан қаласының әкімі қызметін  абыроймен атқарды. Түркістан қаласының әкімі қызметіне кіріскен күннен  бастап облыс  орталығының қызу тіршілігіне араласып, екпінді еңбек еткеніне ел риза. «Әкім бол, халқыңа жақын бол» дегендей, әлеуметтік желіде әрбір қала тұрғынының сауалдары мен ұсыныстарына ден қойып, тыңдап назарға алып, ашық диалог жасауы  жаңа бастама болды.  Қаламыздың барлық саласының жоғары деңгейден көрінуіне аянбай тер төгіп, сол жолда адал еңбек еткен Рашид Абатұлының жаңа қызметіне сәттілік тілейміз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы