ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ АУАНЫҢ ЛАСТАНУЫН АНЫҚТАЙТЫН ҚҰРЫЛҒЫ ОРНАТУДЫ ҰСЫНДЫ

5  573 көрілім

Түркістан қаласы әкімдігі жанынан құрылған Экологиялық кеңестің алғашқы отырысы өтті. Жиын барысында кеңес төрағасы болып Сырдария-Түркістан Мемлекеттік Өңірлік табиғи паркінің ғылыми қызметкері Ғани Назарбек сайланды.

«Экологиялық кеңес құруды біршама уақыттан бері ойлап жүрген болатынбыз. Ойымыз міне, маусым айында іске асып отыр. Бұл бастама – қала экологиясын жақсартуды көздеп, жасыл желекке айналдыруды мақсат еткен облыс орталығы үшін маңызы зор. Сол себепті, біздің Экологиялық кеңестен күтеріміз де көп. Ол әрине, тек мүшелердің ғана емес, қала тұрғындарының да жұмыла қолғабыс етуімен жүзеге асатыны белгілі. Біздің жұмысымыздың жандануы – тікелей қала тұрғындары мен қала жанашырларына байланысты», – деген Рашид Абатұлы тазалық, қоқыс жәшіктері, су ұңғымалары, су тұздылығы бойынша ақпараттар берді.

Қала әкімі аппаратының басшысы Қадырболат Мұсағалиев қазіргі сәтте кеңес мүшелері тарапынан ауаның ластануын анықтайтын құрылғыны облыс орталығына қою бойынша ұсыныс түскенін айтты. Аталған құрылғы арқылы ауаның тазалығы өз деңгейінде тұрғанын немесе деңгейде еместігін анықтауға болады. Аталған құрылғы бұған дейін, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау сынды еліміздің ірі қалаларында қолданылған. Алда, кеңес тарапынан қоқыстарды өңдеу, жасыл желектердің күтімі, ағаштардың өсуі мәселелері кеңінен қаралмақ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы