ТЕННИС ОРТАЛЫҒЫ КЕЛЕР ЖЫЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК

2  245 көрілім

Cпорт әрбір адамның денсаулығына жақсы әсер ететіні белгілі десек, қазіргі заманда теннис әлемдік деңгейде танымал болып табылады. Аталмыш спорт түрі адамның физикалық және психологиялық денсаулығына да аса зор пайдалы. Бүгінгі таңға дейін түркістандықтардың көпшілік бөлігі осы спорт түрін серік етіп, қаланың әр аумағында орналасқан ашық аспан астындағы 10 теннис кортында шұғылдануда.

Енді міне, Түркістан қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталықта теннис орталығының құрылысы жүріп жатыр. Құрылыс жұмыстары биыл сәуір айында басталған. Аталған спорт түрін серік етер жандар келер 2022 жылы орталықтың қызметіне жүгіне алады. Жер аумағы 2,5 гектарды құрайды, жалпы ауданы 5000 м². Теннис орталығы 7 ашық теннис кортынан, көрермендерге арналған жиналмалы мінбелер, әмбебап ойын алаңы, балалар ойын алаңы, сондай-ақ, автотұрақ және қоқыс жәшіктері үшін қалқасы бар алаңқайдан тұрады.

Теннис – аз жарақатты спорттың түрі болып табылғандықтан алдағы жылдары қаламызда жаңадан ашылған теннис орталықтарында әлемдік деңгейдегі танымал теннисшілер шығады деген сенімдеміз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы