САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІ АТАЛЫП ӨТІЛДІ

1  418 көрілім

Бүгін шаһардағы «Ұлы дала елі» орталығында 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық  құрбандарын еске алу күніне арналған жиын болып өтті.

Облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен өткен шараға атаулы басқарма басшысының орынбасары Дәурен Сариев, саяси қуғын-сүргін құрбаны, мемлекет қайраткері С.Қожановтың немере інісі Сұлтанбек Ходжанов, облыстық түрік этномәдени бірлестігінің мүшесі Зикиролла Юсупов, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің PhD докторы Тұрғанбай  Әбдірасилов қатарлы зиялы қауым өкілдері мен студент жастар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері  қатысты.

Жиын  ерлік пен өрліктің ерен үлгісін көрсетіп кеткен ай мүйіздердің рухына арналған «Тағдыр қосқан туыстық» атты  деректі фильммен басталып, бір минуттық үнсіз құрмет көрсетуге ұласты. Сонымен қатар жоғарыда аты аталған азаматтар арнаулы баяндамалар жасап, жастарға осы жолда мерт болған боздақтардың ерлік жырын жеткізді. Қашан болмасын өнеге алып, солар жүрген жолмен жаһандық көшке ілескен мемлекеттіміздің дамуына үлесімізді қосудың қажеттілігі жайында ой толғауларын жеткізді.

Еске сала кетейік, өткен ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен 1997 жылдан бастап аталып өтіліп келеді.

Үмітбек БАҒДАТ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы