ТҮРКІСТАНДА 400 ОТБАСЫНДА ҚОНЫС ТОЙЫ ӨТЕДІ

980 көрілім

Бұл туралы Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов бұқаралық ақпарат құралдарымен өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті. Жайма шуақ жаздың алғашқы айында үй кезегінде тұрған 400 отбасы жаңа баспана кілтін алатын болады.
Түркістан қаласында тұрғын үйге мұқтаж 13025 отбасы бар болса, оның ішінде әлеуметтік жағынан «осал» топта – 5560, көп балалы отбасы – 3260, мемлекеттік немесе бюджеттік қызметкер – 4018, жетім балалар – 187 отбасыны құрап отыр. Айта кетейік, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға пәтерлер заңға сәйкес арнайы автоматтандырылған жүйе бойынша бөлінеді. Соның ішінде бірінші жетім балалардың 20 пайызы қамтылуы қажет. Кейінгі кезекте қай топта көп отбасы тіркелсе, сол топтағы адамдар көптеп қамтылатын болады.
Сонымен қатар, жақын арада қаладағы көпқабатты ескі тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстары басталмақ. Бұған мемлекеттен қаржы бөлініп, дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін 46 тұрғын үйді жөндеуден өтеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы