ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ ТЕСТІЛЕРІНЕН ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

2  958 көрілім

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» ұйымдастыруымен оқушылар арасындағы бірегей спорттық жоба – Ұлттық мектеп лигасында тұңғыш рет Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы тестілерінен жарыс өтті.

        Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына жолдауындағы өскелең ұрпақтың спорттық-шығармашылық әлеуетін дамыту тапсырмасы аясында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған Ұлттық мектеп лигасы өтуде. Биыл тұңғыш рет Ұлттық мектеп лигасы аясында тоғызқұмалақ, бес асық, асық ату және Президенттік тест сайыстары өткізіліп отыр.

Еліміздің 11 өңірінен 200-ге жуық жас спортшы мектепішілік, аудан/қалалық, облыстық кезеңде жеңімпаз атанып республикалық кезеңге жолдама алып келген болатын. Азиада теңдесі жоқ спорт кешені – Қазақстан жеңіл атлетика манежінде жоғары деңгейде өткен сайыста жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар озып шыққан оқушылар анықталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегердерді салтанатты марапаттау рәсіміне Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәди Абылайұлы Ахметов, «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» бас директоры Тастанбек Құтжанұлы Есентаев, ҚР жеңіл атлетика бойынша мемлекеттік жаттықтырушы Қуандық Ескермесұлы Елжанов қатысты.

  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Жолдауындағы өскелең ұрпақтың күш-қуатын дұрыс арнаға бағыттап, мектеп спортын дамыту, балалардың   спорттық, шығармашылық әлеуетін жетілдіру  туралы тапсырмасын орындау айғағында Ұлттық мектеп лигасы 9 спорт түрінен 34 жарыста келешегі кемел көшбасшылардың басын қосып, бұқаралық дене шынықтыру ісін өркендетуге бағытталып отыр.

Жеңімпаздар Білім және ғылым министрлігінің кубок, медаль, грамоталарымен, сондай-ақ, Жеңіл атлетика федерациясы тарапынан 20 мың теңге  сертификатымен марапатталды. Ұлттық мектеп лигасының құрметті қонағы – жас чемпиондарды салтанатты марапаттау рәсіміне арнайы қатысқан ҚР Мәжіліс депутаты Мәди Абылайұлы жеңімпаздарға қаржылай жүлде табыстады.

Жарыс қорытындысы бойынша  жалпыкомандалық есепте 11-13 жас аралығында 1-орын Шымкент қаласы  №42 Хамзин орта мектебі, 2-орын Алматы қаласы №44 мектеп-гимназиясы, 3-орын Солтүстік Қазақстан облысы Преснов орта мектебі; 14-15 жас аралығында 1-орын Шымкент қаласы  №42 Хамзин орта мектебі, 2-орын Алматы қаласы №44 мектеп-гимназиясы, 3-орын Тараз қаласы №39 мектеп-гимназиясы; 16-17 жас аралығында 1-орын Алматы қаласы №44 мектеп-гимназиясы, 2-орын Қарағанды қаласы №17 жалпы білім беретін мектебі, 3-орын Тараз қаласы №24 гимназиясы.

Сонымен қатар,  Президенттік деңгейді сәтті тапсырған   оқушыларға жарыс хаттамасына сәйкес арнайы төсбелгі мен куәлік табысталады.

        Лиганың мақсаты мен мәні – өскелең ұрпаққа сапалы білім беру бағытында ақыл ойы зерек, дүниетанымы кең, салауатты ұрпақ қалыптастыру. Сондай-ақ, ұрпақтар сабақтасын сақтай отырып, Лига арқылы  бұқаралық спортты дамыту.  

        Ұлттық мектеп лигасы «Алтын  доп» (баскетбол), «Шұбар доп»  (волейбол), «Ұшқыр доп»   (гандбол),  «Теңбіл доп» (футзал),  «Былғары доп»   (футбол), «Былғары доп – Балдаурен» (футбол), Асық ату, бес асық, президенттік тест, үстел теннисі, тоғызқұмалақ  жарыстарынан тұрады.  Жалпы 9 спорт түрінен 34 жарыс өтеді, онда 3500-ға жуық оқушы қамтылады. Оған 5-6, 7-8, 9-11 сыныптардың оқушылары қатысады, дүбірлі дода 4 сәуірден бастап 30 маусымға дейін жалғасады.

Айта кетейік, лига аясындағы жарыстар Нұр-Сұлтан, Көкшетау, Щучье, Алматы, Семей, Қызылорда,  Шымкент, Талдықорған, Павлодар, Орал қалаларында өтуде.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы