ОРТАҒАСЫРЛЫҚ АСПАЛЫ ШЫРАҒДАН ТАРИХИ ТҰҒЫРЫНА ОРНАТЫЛДЫ

2  089 көрілім

18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай, Қожа Ахмет Ясауи қабірханасының алдына ортағасырлық аспалы шырағданды орнатты.

  • «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі әрбір бөлменің өзіндік тарихи қызметін жаңғырту жұмыстарын жүргізуде. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында Халықаралық музейлер күніне орай, қорық – музей қорындағы ХVІ ғасырға тән құнды да түпнұсқа жәдiгерлердiң бiрі аспалы шырағданды тарихи тұғырына орнатып отырмыз. Шырағдан кезiнде Қазандық бөлмесiнiң солтүстiк ойығы астында, Қабырханаға кiре берiстегi арканың ұшында iлулi тұрған»,- деді «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Н. Ахметжанов.
    XVI ғасырда ілінген аспалы шырағдан 1993-1999 жылдар аралығында кесенеде жүргізілген жөндеу жұмыстары кезiнде төмен түсiрiлiп, оны жан-жақты зерттеп, талдауға мүмкiндiк туған. Оған дейін оны ешқандай зерттеушiлер, не кесененiң дiни қызметшiлерi орнынан қозғаған емес, уақытқа байланысты оның сыртқы түсі қарақошқылданып кеткен.
    Шырағданның түр-тұрпаты құмыра тәрiздi болып келген. Бүйiрiндегi үш жерiнен (асып) iлiп қоюға арналған шынжырлар бекiтiлген, iлмегi бар. Iлмек – Қазандық бөлмесiнiң Қақпа есiгiнiң балғашаларындағы жануар бейнесiн (барыс) қайталайды. Осы үш шынжыр жоғары көтерiлiп бiр дөңгелек метал пластинаға бекiтiлген де ары қарай ойық ұшына iлiнетiн iлмекпен аяқталады. Сондай-ақ, бүйiрiнiң бiр шетiнде өрнектеп парсы тiлiнде жазылған тарихи маңызды жазулары бар: Аудармасы: Әулиелердің сұлтаны, тақуалардың дәлелі, Қожа Ахмет Ясауи. Бұл аспалы шырақты Хажжаж ибн Уаққас Сайрами арнайы Сұлтанның Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне уақф ретінде сыйға тартты. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени
    қорық-музейінің баспасөз қызметі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы