ҚОҒАМНЫҢ БИЛІККЕ ДЕГЕН СЕНІМІ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

244 көрілім

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған негізгі бағыты болатын. Себебі, бұқара көпшілікпен санаса білген билік қана толағай табыстарға қол жеткізбек. Қалай алып қарасақ та, мемлекеттік қызметкер – биліктің айнасы. Алайда, бүгінгі таңда мемлекеттiк қызметшiлер күнделікті қызметінде, сонымен қатар, халықпен кездесу барысында өзін-өзі ұстау мен көпшілік алдында сөйлеу кезінде әдеп нормаларына сай келе бермейтін әр түрлі кемшіліктерге жол беретін кездер жиі көрініс табуда.
Бұл тұжырымдама аясында, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процесстік кодексі бекітілген. 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енетін болады. Осы кодекстің шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың жаңа форматына көшумен қатар «Е-Өтініш» жаңа ақпараттық жүйесі арқылы жұмыс жасау жоспарлануда.
Аталған жаңа жүйе әкімшілік органдарға азаматтардың өтініштерін сапалы қарауды қамтамасыз етеді, өтініш берушімен кері байланыс ұстап, мемлекеттік органдардың жұмысына баға беруге жол ашады. Осылайша, қоғамның мемлекеттік билікке деген сенімі нығая түседі деп күтілуде. Жалпы алғанда Әкімшілік рәсімдік-процесстік кодекстің қабылдануы құқықтық мемлекет идеясына сәйкес, мемлекет пен қоғам арасындағы қатынастардың жаңа сатысына, заңның үстемдігін қамтамасыз ету жөніндегі елеулі қадамға айналғалы отыр.

Меруерт АБУОВА,
қалалық ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары