100-ГЕ ТАРТА ТҰРҒЫННЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

1  218 көрілім

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов «Ақжайық» музыкалық мектебінде «Ашық есік» күнін өткізіп, қабылдауға келген 100 тұрғынның мәселесін жеке жеке қарады.
Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан жұмыссыздық, тұрғын үй, қала тазалығы, су, спорт алаңдары мен балалар ойын алаңшаларын қайта қалпына келтіру мәселелері көтерілді. Шаhар басшысы екі қолға бір күрек іздеген азаматтарға «Жасыл Түркістан» мекемесі арқылы жұмысқа орналасып, қала дамуына, соның ішінде көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстарына қолғабыс етуге шақырды. Сондай-ақ, бір азамат «Түркістан-Су» мекемесіне оператор ретінде жұмыс істеуге тікелей жолданды. Одан өзге, түрлі кәсіпке қызығушылығы бар тұрғындарды «Менің кәсібім» жобасын жандандыру арқылы мүмкіндік беріп, қолдау керектігін айтты.
Сонымен қатар, жас азаматтан Қ.А.Ясауидің хикметтерін аудионұсқада рухани-мәдени орталыққа орнату ұсынысы жасалды. Рашид Абатұлы жастар тарапынан ұсыныстар мен жобаларға оң көзқарас танытатынын айтып, қолдау білдіруге әзір екенін жеткізді. Одан өзге, қала әкімі кәсібін дөңгелетіп отырған азаматтарға «Түркістанда жасалған» белгісін қосуға ұсыныс білдіріп, қаланың дамуына қосып жатқан үлестеріне алғысын білдірді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы