ПАРТИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ХLIV КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

1  214 көрілім

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде «Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалының ХLIV есеп беру, сайлау конференциясы өтті. Конференцияны «Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Темірбаев ашып, жүргізіп отырды. Жиынға қала әкімі Р.Аюпов, мәслихат хатшысы М.Таңғатаров, қалалық саяси кеңесі және қалалық партия филиалы саяси кеңесінің бюро мүшелері, партия ардагерлері, барлық деңгейдегі мәслихаттардағы депутаттық фракцияның мүшелері, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, бастауыш партия ұйымының төрағалары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Конференцияның күн тәртібінде 4 мәселе қаралды. Атап айтсақ, «Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалы саяси кеңесінің 2019-2020 жылдары атқарылған жұмыстары туралы есебі, алдағы кезеңге арналған міндеттері, Сайлауалды бағдарламаның жол картасы аясында бірінші тоқсанда атқарған жұмыстарының барысы, «Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалының ХLIV конференциясына делегаттар сайлау туралы мәселелер қаралды.
Сонымен күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Темірбаев баяндама жасады. Баяндамашының мәлімдеуінше «Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалында 2019 жылдың қорытындысы бойынша 16 бастауыш партия ұйымы, 8100 партия мүшесі есепте тұрған. 2019 жылдың 12 айында партия қатарына 499 адам қабылданып, партия мүшелігі тоқтатылуына байланысты 675 адам партиядан шығарылған. 2019 жылы қалалық партия филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесіне 734 арыз-шағым келіп түссе, оның 445 оңтайлы шешімін тапқан. Ал, идеология бағытында 8 саяси кеңес бюро мәжілістері өткізілсе, онда қалалық мәслихат депутаттарының, бастауыш партия ұйымдары төрағаларының, бөлім басшыларының есептері тыңдалған.
Ал, 2020 жылы атқарылған жұмыстары бойынша 16 бастауыш партия ұйымдары қалдырылған. Жылдың қорытындысы бойынша партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 1354 адам жүгінсе, өткен жылдың осы мерзімімен салыстарғанда 2 есе артса, қарау нәтижелері бойынша 687 өтініш оңтайлы шешіліп, 667-і заң аясында кеңестер берілген. Осы жылы келіп түскен өтініштердің ішінде ең өзектісі қаржылай көмек болса, «BIRGEMIZ» қоры арқылы қаржылай және азық-түлік себеттерін үлестірілген. Қоғамдық қабылдау бөлмесінде 69 қабылдау жүргізіліп, 232 астам азаматтардың мәселелері қаралған. Оның ішінде барлық деңгейдегі мәслихаттағы партия фракциясы депутаттары 16 жеке қабылдау жүргізіп, 32 азаматтың мәселесі қаралған.


Партия төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбектің азаматтардың өтініштерін, оның ішінде партияның онлайн-сервистері арқылы келіп түскен өтініштерін сапалы бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы бойынша Facebook және Instagram әлеуметтік желілері арқылы 263, Watsapp арқылы 253 өтініш келіп түскен. Өтініштердің басым бөлігі көп балалы және толық емес отбасылар – 210, жұмыссыздар – 180, ерекше қажеттіліктері бар адамдар – 100 және зейнеткерлер – 25 құраған. «Халыққа көмек», «Кедергісіз келешек» партиялық жобалары аясында «Ашық есік» күні, «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды Бірыңғай тақырыптық қабылдау» акциялары, «Заңгерлік көмек», «Татуластыру орталықтары» бағыттары бойынша 11 қоғамдық қабылдаулар өткізіліп, 90 астам азаматтардың арыз өтініштері тыңдалып, тиісті жұмыстар атқыралғанын жеткізді.
Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша сайлауалды бағдарламаның жол картасы аясында бірінші тоқсанда атқарған жұмыстарының барысы туралы қалалық мәслихат хатшысы М.Таңғатаров хабарлап өтті. Жарыссөзге шыққан орталық спорт кешенінің директоры, қалалық мәслихат депутаты Ғ.Құдияров баяндамашының атқарған жұмыстарына қанағаттанарлық бағасын берді. «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезекті ХLIV конференциясына делегаттар сайланды. Бұдан соң «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Р.Аюпов қала көлемінде көшбасшы партияның атқарып жатқан жұмыстарына тоқталып, алдағы атқарылар жұмыстары бойынша тиісті сала басшыларына тапсырмалар берді. Жиын соңында конференцияның күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.


Қуаныш ТАСЫБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы