КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА ӨТТІ

812 көрілім

Ағымдағы жылдың 29 сәуірі күні Мақтаарал ауданына арнайы жұмыс сапарымен барған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай Мемлекет басшысының “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” концепциясын тиімді жүзеге асыру мақсатында жеке және заңды тұлғаларды қабылдады.

Қоғамдық қабылдау барысында аудан тұрғындары көкейтесті мәселелерін қозғап, талап-тілектері мен уәждерін жеткізді.

Көтерілген мәселелердің басым бөлігі білім беру, жол құрылысы және жер қатынастары және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласына байланысты болды.

Департамент басшысының бірінші орынбасары аталған мәселелерді мұқият тыңдап, ақпараттық және құқықтық кеңестерін білдірді.

Айта кетейік, Департамент басшысының бірінші орынбасары облысқа қарасты қала/аудандарда болып, тұрақты негізде халықпен кері байланысу арқылы аталған тұжырымдаманы тиімді жүзеге асырып келеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы