ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ЖАЛҒАСУДА

716 көрілім

«”Nur Otan» партиясы қалалық филиалында бекітілген кестеге сәйкес, осы аптада Түркістан облыстық мәслихат депутаты Шолпан Бегалиева қала тұрғындарының өтініштері бойынша қоғамдық қабылдауда олардың мәселелерін тыңдады. Қоғамдық қабылдауды қалалық партия филиалының консультанты Әнуарбек Исабеков жүргізіп отырды.
Қоғамдық қабылдауға келген үш азаматтың көтерген негізгі мәселелеріне тоқталсақ. Минура Көкенова өзінің пәтер жалдап тұратынын, баласы науқас, жолдасы жұмысқа жарамайтынын айтты. Сұлтанбек Қадырбеков жалғыз басты әке 2 топтағы мүгедек, денсаулығына байланысты жұмысқа жарамсыз, жылына 4 рет порталмен ауруханада емделеді. Үйіне көгілдір отын кіргізе алмай отқанын жеткізді. Ал, Айгүл Қараева жұмыссыз, жолдасы от жағушы болып жұмыс жасайды. Өзінің бастауыш сыныптары бойынша орта арнаулы білімі бар, сол мамандық бойынша жұмысқа орналастыруын сұрады.
Депутат Шолпан Маратқызы тұрғындардың көтерген мәселелері бойынша тиісті шешім қабылдап, қабылдауға келген азаматтардың өтініштерін заң аясында шешімін табуына ықпал етті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы