САКЕН БИБОСЫНОВ СЕРБИЯДАҒЫ ЖАРЫСТА ЧЕМПИОН АТАНДЫ

878 көрілім

Түркістандық боксшы Сәкен Бибосынов Сербияда өткен халықаралық Belgrade Winner турнирінің жеңімпазы атанды. Олимпиада лицензиясының иегері 52 келіге дейінгі салмақта финалда қырғызстандық Азат Үсеналиевті жеңді. Əлемнің түкпір-түкпірінен келген азулы былғары қолғап шеберлері арасында өткен жекпе-жекте Қазақстанның намысын қорғаған түркістандық Сакен Бибосинов жеңістің шыңын бағындырып, турнирдің жеңімпазы атанды.

Жерлесіміз рингте барлық қарсыластарын тізе бүктіріп, алтын медаль иеленді. Халықаралық турнир – Токио олимпиадасы қарсаңында тартысты өткен турнирлердің бірі. Əлем бойынша ең жұдырықты боксшылардың төртжылдықтың басты додасына санаулы күндер қалғанда тағы да бір өздерінің шеберліктерін көрсеткен дода болды.

Белград қаласында аяқталған халықаралық турнирде +91 кг салмақта шаршы алаңға шығатын, аса ауыр салмақтағы Түркістан облысының боксшысы Нұрлан Сапарбай қола жүлдегер атанды. Бұл бокс бəсекесінде ерлер 8 салмақ бойынша, ал əйелдер 10 салмақ бойынша жұдырықтасты. Жеңіс құтты болсын!Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары