ГАУҺАР АНА КЕСЕНЕСІНІҢ АУМАҒЫНА ГҮЛДЕР МЕН ЖЕМІС АҒАШТАРЫ ЕГІЛДІ

895 көрілім

Қожа Ахмет Ясауидің қызы Гауһар ана кесенесінің жанына 200-ден аса «Лимон ханзадасы» атты барқыт гүл мен 50 түп жеміс ағаштары егілді. Кесенеге келушілерге арналған автотұрақ салынып, айналасы темір шарбақпен қоршалды. Қауіпсіздікті сақтау мақсатында бейнекамералар орнатылды. Биыл аталған кесене аумағында абаттандыру жұмыстарын жүргізу қарқынды түрде әрі қарай жүзеге асады.
Сондай-ақ, Гауһар ананың қабір жапқышы жаңартылып, кілем мен қонақтарға арналған төсеніштер де ауыстырылды. Айта кетсек, 2015 жылы Қожа Ахмет Ясауидің қызы Гауһар анамыздың кішігірім бейітіне «Әзірет Сұлтан» қорық-музейі қайта кесене тұрғызды. Кесене аумағындағы негізгі жұмыстар қолға алынып, жантақ, шеңгел басқан аумақ гүлзарлармен абаттандырылып жүйелі түрде ағаш көшеттері отырғызылған болатын. Ескерту, белгі тақтайшалары қайта жаңартылып, Гауһар ана кесенесі туралы 3 тілде жазылған ақпараттық тақтайша орнатылды. Алыс-жақыннан ағылатын туристердің легі көп болатын болғандықтан заманауи талапқа сай дәретхана салынды.
Гауһар ана кесенесі «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК құрамына діни-рухани ескерткіштер ретінде тізімге алынған. Биылдан бастап, кесене маңына ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Сапар орталығы бой көтеріп, туристер үшін рухани орталыққа айналдыру көзделуде. Кесене Түркістан қаласынан оңтүстікке қарай 4 шақырым жерде, «Түркістан-Шәуілдір» тас жолынан солға қарай 400-500 метр қашықтықта орналасқан

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары