ЧЕРНОБЫЛЬ АРДАГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

1  144 көрілім

Биылғы 26 сәуір бүкіл адамзаттың жүрегіне ауыр жара салып, орны толмас қасірет әкелген Чернобыль апатына 35 жыл болып отыр. Украинадағы Чернобыль апаттың зардабын жоюға бұрынғы Кеңес Республикаларынан 600 мыңға жуық адам жұмылдырылған болса, соның 31743-і қазақстандықтар екен. Бүгінде қаламызда сол Чернобыль апатына қатысқан 21 ардагер тіршілік етуде.
Осыған байланысты қала әкімдігінде Чернобыль апатының 35 жылдығына орай, қала әкімі Рашид Аюповтың қатысуымен арнайы іс-шара өтті. Онда қала әкімі Рашид Абатұлы ардагерлерге арнайы Чернобыль апатының 35 жылдық естелік медальдарымен марапаттап, сый-сияпаттар жасап, алғыс хаттар тапсырды. Кездесу соңында қалалық «Чернобыль-Семей» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ділдабек Асылбеков бүгінгі шараны жоғары деңгейде өткізген қала әкіміне ардагерлердің атынан алғысын білдіріп, жұмысына табыс тіледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы