Облыс орталығында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай “Спорттық қала – дені сау тұрғындар” тақырыбында Түркістан қаласы әкімінің кубогі өтті.
Аталған сайысқа жалпы саны 16 команда қатысты. Оның 7-сі ұл, 9 қыздар командасы. Олар ертеректе хабарланған https://sport.turkistanevent.kz сайты арқылы өтініш беріп, сайысқа қатысқан болатын. Ұйымдастырушылар ниет білдірген командалар саны өткен сайыстардан жоғары әрі белсенді екендігін айтады.
Шаhар басшысы Рашид Аюпов барлық командаларға сәттілік тілеп: “Пандемияға байланысты көптеген шектеулер болып жатқанына қарамастан, спортты дамытып, спортты жанына серік еткен жандарға мүмкіндік беруіміз қажет. Өйткені, спорт – денсаулығымызға күш-қуат беретін сала. Осы мақсатта, жыл басында күн жылына түсе, жыл соңына дейін түрлі спорт түрінен сайыстар өткізіп тұру бойынша шешім қабылдаған болатынбыз. Бұйырса, бастамамыз ойдағыдай өтсе, көрші облыс-қалалардың сайысшыларын шақыратын боламыз”, – дей келе, рухани астананың абыройын арттырып, еліміздің көк байрағын жоғары көтере берулеріне тілектестігін білдірді.
Жарыс соңында қырағылық танытқан командалар қала әкімінің алғыс хатымен және сый-сияпаттарымен марапатталды. Алда сайыстар спорттың түрлі саласы бойынша жалғасып отыратын болады.

“STREET BALL” САЙЫСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
1 221 көрілім