ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

2  461 көрілім

Шаһардағы «Ақ жайық» музыка мектебінде қаланың бас жоспарына байланысты өзекті мәселелерді талқыға салған арнаулы отырыс болып өтті.
Атаулы шараға қала әкімі Рашид Аюпов, қалалық сот, облыстық «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы өкілдері, орта және шағын бизнес кәсіпкерлері, сонымен бірге бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Жиын барсында жер мәселесі мен оны заңдастырудағы ауқымды салалар ортаға салынып, арнаулы мамандар оның шешілу жолдарын ұсынды.
Айта кететіні Түркістан қаласының Бас жоспары Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2020 жылғы 25 қарашадағы №793 қаулысымен бекітілген болатын. Аталған күннен бастап жер учаскелерін рәсімдеу жұмыстары жаңадан бекітілген бас жоспарға сәйкес жүргізілуде. Бас жоспардың аумағы 22 370 гектарды құрайды. Бас жоспарда Түркістан қаласын түркі әлемінің рухани орталығы және Түркістан облысының жаңа әкімшілік орталығы ретінде дамытудың негізгі бағыттары айқындалған.


Туындап отырған мәселелер жайында қалалық әкімдіктің «Жер қатынастары бөлімінің» басшысы Нариман Қасымбеков пен «Сәулет және қала құрылысы бөлімінің» басшысы Айдос Кентугаев баяндады. Олдардың айтуынша тұрғындар тарапынан қарама-қайшылықтар орын алып, мәселелер орын алған. Нақтылап айтқанда, көптеген тұрғын үйлер қызыл сызық пен жасыл аймаққа түскен. Жасыл аймақ – саябақтар болса, қызыл сызық – кеңейтілетін жолдар болып саналады. Айдос Кентугаев Түркістан қаласындағы тұрғын үйлердің басым бөлігінде құжаттары рәсімделмегенін айтады. Мәселен, биыл тұрғын үйлер газға өту кезінде де біршама қолайсыздық туындаған. Себебі, көгілдір отын кезінде техникалық құжат (техпаспорт) сұрағанда үйінің заңдастырылғандығы назарға алынады. Ал, бөлім Бас жоспарға сәйкес жұмыс жүргізеді. Одан өзге, мемлекет мұқтаждығына алу кезеңінде де заңдастырылған үйлердің бағасында айырмашылық болады. Сол себепті жыл басынан бері үй салар алдын қала әкімдігінің «Сәулет және қала құрылысы» бөліміне архитектуралық сәулет жоспарының тапсырмасын алу қағидаты жүргізіліп келеді. Эскиздік жобасын келіскен соң ғана құрылыс жұмыстары басталады.
Отырыс соңында қала әкімі Рашид Абатұлы осы мәселелердің кеңінен халық арасында таралып, тұрғындар жан-жақты хабардар болуы үшін үгіт-насихат жұмысын жандандыруға арнайы тапсырма берді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы