ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ АЙМАҒЫН АНЫҚТАУ ҮШІН ГЕОПОРТАЛ ІСКЕ ҚОСЫЛҒАН

1  519 көрілім


Түркістан қаласының Бас жоспары үш кезеңмен жүргізіледі. 2025 жылға дейін, 2035 жылға дейін және 2050 жылға дейін. Осы орайда қаладағы жаңа жобалар Бас жоспарға сәйкес жүзеге асуы қажет.
Бүгінгі жиналыс барысында екі жеке тұрғын үй арасында 6 метр арақашықтықтың сақталуы, коммерциялық нысандарға шұғыл жағдайдағы көліктердің кіруіне мүмкіндік болу жайты қаралды. Сол себепті, тұрғындар үй салар алдын міндетті түрде жауапты бөліммен хабар алысып, жобасын нақтылауы қажет.


Кәсіпкерлер тарапынан тұрғындар пандемия кезінде уақытты тиімді пайдалану үшін ғаламтор арқылы ақпарат алу мүмкіндігін сұрады. Ол бойынша кадастр нөмірін теру арқылы геопорталдан ақпарат алуға болатынын қала әкімінің орынбасары Жандос Тасов мәлім етті. Яғни, тұрғын үйлердің функционалдық аймағын анықтау үшін кадастр нөмірін теру арқылы map.iturkistan.kz геопорталынан ақпарат білуге болады. Ондағы Ж-1 – тұрғын үй, Ж-2-Ж-6 көппәтерлі үй, К1 – коммерциялық нысан, С-1-С-2 қоғамдық нысандар және Р-1 саябақ алаңдары болып саналады. 
Сонымен қатар, қашан нысаналы мақсатын өзгертуге болатындығы сұралды. Аталған сауал бойынша Айдос Кентугаев арнайы регламент белгіленгеннен кейін жүзеге асатынын айтты. Регламент алдағы уақытта мәслихат сессиясында қаралатын болады. Егер, тұрғын үй (Ж-1) болса оның нысаналы мақсатын кітапхана, дәріхана, балабақша, шаштараз тб, ал Ж-3, яғни көпқабатты үй болса, бастауыш және орта мектеп, блокты тұрғын үйлер, 16 орынды қоғамдық тамақтану орындары т.б салуға болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы